Батыс лидерлері Кремльден Навальныйды босатуды талап етті

0

8 қаңтарға қараған түні халықаралық Amnesty International ұйымы мен Батыс елдерінің лидерлері Алексей Навальныйды ар-ұждан тұтқыны деп атап, Мәскеуден оны дереу босатуды талап етті.

«Ресей билігі Навальныйға қарсы жойқын науқан жүргізіп отыр. Олар Берлиннен Мәскеудің «Шереметьево» әуежайына келіп, санаулы минуттан соң ұсталған танымал Кремль сыншысы Алексей Навальныйды тез арада босатуы қажет» деп жазды ұйым Twitter-парақшасында.

Russian authorities have waged a relentless campaign against Navalny. They must immediately and unconditionally release prominent Kremlin critic, Aleksei Navalny, detained minutes after he arrived at Moscow’s Sheremetyevo airport from Berlin. https://t.co/UpaH2wYNLH

pic.twitter.com/kvA1fKRlFR

— Tanya Lokshina (@TanyaLokshina) January 17, 2021

Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишель Навальныйдың ұсталуын «қабылдауға болмайтын әрекет» деп, оны босатуға шақырды.

Навальныйдың ұсталуын Балтық елдерінің сыртқы істер министрлігінің басшысы да айыптады. Бірлескен мәлімдемеде Еуроодақ саясаткерді босатпаса, Ресейге қарсы санкцияны қарауы тиіс деді.

Заявление МИД 🇱🇻🇪🇪🇱🇹 «Задержание Алексея Навального абсолютно неприемлемо. Мы требуем от российских властей его незамедлительного освобождения. Евросоюз должен реагировать быстро, если он не будет освобожден, то надо рассмотреть введение санкций против 🇷🇺 в связи с этой акцией»

— Edgars Rinkēvičs (@edgarsrinkevics) January 17, 2021

Навальныйды қолдап еуропалық саясаткерлер де жазды. Польша сыртқы істер министрі пікірін орыс тілінде жазды.

Решительно осуждаю задержание @navalny и рассчитываю на его немедленное освобождение. Выражаю свою солидарность со всеми Россиянами, которым близки идеалы арестованного российского оппозиционера. Алексей, держитесь! #Navalny

— Zbigniew Rau (@RauZbigniew) January 17, 2021

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің кеңесшісі Джейк Салливан Навальныйдың ұсталуын айыптап, үнін естірткісі келетін Ресей халқын балағаттау деді.

Mr. Navalny should be immediately released, and the perpetrators of the outrageous attack on his life must be held accountable. The Kremlin’s attacks on Mr. Navalny are not just a violation of human rights, but an affront to the Russian people who want their voices heard.

— Jake Sullivan (@jakejsullivan) January 17, 2021

Беларусь оппозициясының лидері Светлана Тихановская да ресейлік оппозиционерді қолдап, мәлімдеме жасады.

Тихановская о задержании Навального:«Задержание Алексея Навального в московском аэропорту – опасный шаг к лишению россиян политической альтернативы. Беларусь видела последствия такого обращения с политическими оппонентами. Это не отвечает интересам русского народа и страны». pic.twitter.com/luVVUD8hTy

— SOTA (@SotaVision) January 17, 2021

Ресейдің оппозициялық саясаткері өткен жылдың тамызында Томскіден Мәскеуге жол тартқан ұшақта хәлі күрт нашарлап, есінен танған. Ұшақ экипажы шұғыл түрде Омбы қаласына қонып, сол жерден оны жедел жәрдем қызметі жергілікті ауруханға алып кеткен. Екі күннен соң ол ес-түссіз күйі Германияға жеткізілген. Қыркүйектің басында Германия үкіметі Навальныйдың дененсінен «Новичок» уының ізін анықтаған. Кейінірек тәуелсіз зертханалар саясаткерден алынған үлгіде удың барын растаған.

17 қаңтар күні Навальный жары Юлиямен, баспасөз хатшысы Кира Ярмыш, заңгері Ольга Михайлова және көптеген журналистпен бірге Берлиннен Мәскеуге ұшқан. Әуелі «Внуково» әуежайына қонуы керек болған ұшақ қонуға жақын қалғанда кенет «Шереметьево» әуежайына жол тартқан. Әуежайдың кеден қызметінен өтер сәтте оны полиция ұстап әкетті. Құқық қорғау органдары заңгерінің қарсылығына қарамастан Навальныйдың бір өзін ғана алып кетті.

«Алексей Навальныйды ұстағаны Ресей билігінің оның аузын жапқысы келетінін одан әрі дәлелдеп отыр» дейді Amnesty International ұйымы Мәскеу өкілдігінің директоры Наталья Звягина ұйымның баспасөз хабарламасында.

Навальныйдың қамалуы ФСБ агенттері жоғарыдан түскен бұйрық негізінде улады дегенді тергеу қажеттілігін нықтай түсті дейді Звягина.

Звягинаның сөзінше, сондай-ақ Жазаны орындау жөніндегі федералдық қызметтің Германияда емделіп жатқан Навальныйдан дереу оралуын талап етіп, болмаса түрмеге қамалатынын айтып ультиматум қоюы биліктің саясаткерге қарсы жойқын науқан жүргізіп отырғанын көрсетеді.

«Билік Алексей Навальныйдың келуін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі толыққанды операциясы ретінде қарап, «Внуково» әуежайына жүздеген полицей тартылды. Ауа температурасы –20 градус кезінде Навальный жақтастары ысырылып, қамауға алынып жатты. Онымен қоймай, рейстің өзге әуежайға – «Шереметьевоға» бұрды» дейді ол.