Батырхан Шүкеновтің ұлы қазақстандықтарға алғысын білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Батырхан Шүкеновтің жанкүйерлеріне оның әндерін орындап, видеоға түсіріп, флешмобқа қатысуға шақырған еді. «Хабар» агенттігі еске алуға арналған флешмобты қорытындылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде видеолардың көп болғаны сонша, олардың ағымы осы уақытқа дейін тоқтаған жоқ. Флешмоб 18 мамырда әншінің туған күніне арнайы өткізілді, бұл күні ол 58 жасқа толуы керек еді. 

Әртістердің географиясы тіпті алыс шет елдерді де қамтыды, Батырхан Шүкеновтің ұлы да жауап берді, ол барша қазақстандықтарға әкесінің өнеріне құрмет көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Мен флешмобқа қатысқан барлық адамдарға және оның әндерін тыңдап, менің әкемді ұмытпағандарыңызға алғысымды білдіремін. Менің әкем оны ұмытпай, оның әндерінен ләззат алып жүргенін көріп, қуануда деп ойлаймын», — деп алғысын білдірді Мақсұт Шүкенов.

stan.kz