Башқұртстанда жұмбақ жағдайда жоғалған сәбидің денесі табылды

0

Жоғалып кеткен сәбиді екі күн бойы іздеген

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Башқұртстандағы Исмаилова селосының 28 жастағы тұрғыны өзінің баласын қайда жерлегенін айтты. Бірнеше күн бойы ізделген сәбидің анасы қылмысын мойындады, деп хабарлайды Life.

«2019 жылдың 29 тамызында күдікті өзінің бір жасар баласын тұншықтырып өлтірген. Кейін үйінің жанында жерлеген», – деп жазылған хабарламада.


©
Photo : әлеуметтік желіден алынды

28 жастағы әйел баласын өлтіргенін мойындады

Жауап алу кезінде 28 жастағы әйел қылмысын мойындап, баланың денесі жатқан жерді көрсетті. Әйел қамауға алынатын болады.

Тағы оқыңыз: Семейде анасы үш жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Башқұртстандықтар екі күн бойы Тимур есімді баланы іздеген болатын. Ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Анасы баланың жатқан жерінен жоқ болып кеткенін хабарлаған. Бүгін баланың денесі табылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз