Бас прокурор: Кәрім Мәсімов – қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы

0

Бас прокурор Берік Асылов Қаңтардағы тәртіпсіздіктердің басты ұйымдастырушысын атады, деп хабарлайды Kznews.kz.

«Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық болды, қастандық жасалды. Бүгін айтқанымдай, негізгі ұйымдастырушылар ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығы – К. Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деді Асылов Мәжіліс кулуарында.

«Кәрім Мәсімов – бас ұйымдастырушы ма?», – деп сұрады тілшілер.

«Солай деуге болады», — деп жауап берді Бас прокурор.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Қаңтар оқиғасына байланысты  депутаттардың сауалына Бас прокурор Берік Асылов жауап берді.

Өткен аптада депутаттар қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары жауап беруін талап еткен болатын.