Самат Әбіштен тек куәгер ретінде жауап алынды – Бас прокуратура

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштен қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша тек куәгер ретінде жауап алынды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Бұл туралы Бас прокурор мәлім етті.

“Одан жауап алынды, бірақ мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушы ретінде күдікке ілінген жоқ”, – деді Берік Асылов Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Бас прокурор мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушылардың фамилиясын атаған.