Бас бапкер Әділбек Ниязымбетовтың орнын кім басатынын ашып айтты — новости Казахстана

0

Ақтау қаласында Қазақстанның бокс чемпионаты аяқталды. Біріншілікті қорытындылаған бас бапкер Мырзағали Айтжанов жаңартылған ұлттық құраманың тізімін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: aktausport.kz

Фото: aktausport.kz

Жаңарған ұлттық құрамаға отандық чемпионатта жартылай финалға жеткен барлық спортшы енген екен. Сонымен қатар жастар құрамасындағы бірнеше спортшы бас құрамаға шақырту алған.

«Ұлттық құрамаға алғаш рет еніп отырған спортшылар — Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов», — деді Мырзағали Айтжанов.

Сондай-ақ құрамадағы кейбір салмақтағы үздіктердің орны ауысқан екен. Бұрын төртінші нөмірлі спортшылар енді үшінші сатыға көтерілген.

Бас бапкер 81 келі салмақта өнер көрсеткен Әділбек Ниязымбетовтың орнын кім алмастыратынына да тоқталып өтті.

«Ниязымбетовтың орнын Бек Нұрмағанбет басады деп сеніммен айта аламын», — дейді Айтжанов.

Қалған салмақтарда өзгерістер жоқ көрінеді. 49, 56, 75, 91 келі салмақ дәрежелерінде нағыз майталмандар өз атақтарын қорғап қалған.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар