Полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет

0
67

2018 жылғы 19 қараша 18:55 169

Нұрсұлтан Назарбаев: Полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ішкі істер органдары қызметін жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңесті ашқан Елбасы  құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес мәселесі айрықша бақылауында екендігін баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 3 жылда ішкі істер органдары күш-жігерінің арқасында еліміздегі қылмыс деңгейі 17,5 пайызға қысқарған.

«Адамдар криминалдан қорғану үшін бірінші кезекте полицияға жүгінеді. Тәуелсіздіктің осы жылдарының ішінде 779 қызметкер қаза тауып, шамамен 2,5 мыңы жарақат алды. Және де мұны естен шығармау керек. Бұған қоса, ішкі істер органдарының ағымдағы жағдайы қоғамның сұранысына толықтай көлемде жауап бере алмайды», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті полиция қызметкерлерінің азаматтарымен өзара іс-қимылының қолданыстағы стандарттары ескірген және қазіргі заман талаптарын ескере бермейді.

«Ішкі істер органдары жүйесінің қызметі қоғамның сенімін ақтай алмайды, азаматтардың кейістігін тудыруда. Адамдар өздерін қауіпсіз сезінбейді. Онсыз біз қазақстандықтардың жоғары өмір сапасын қамтамасыз ете алмаймыз. Ал бұл біздің бағдарымыз саналады. Сондықтан полицияны полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы  осы жылғы Қазақстан халқына  Жолдаудың бағыттарына сәйкес ішкі істер саласын мазмұнды әрі сапалы өзгертуді жүзеге асыру қажеттігін көрсетті.

Күн тәртібіне сәйкес кеңес барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың баяндамалары тыңдалды.

Ұсынылған ақпараттарды қаперге алған Қазақстан Президенті барлық жоспарланған шараларды тыңғылықты әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев: Полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет 
Нұрсұлтан Назарбаев: Полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет