Барселонада наразы топтың қарсылығы күшейе түсті

0

Бұл қақтығыс Барселонадағы Испанияның Министрлер Кеңесінің отырысы өтіп жатқан ауданда орын алған.

Наразылық білдіруші топ өкілдері жиналыс өтіп жатқан Льотха-де-Мар сарайына кіруге тырысқан.

Ашынған наразы топ өкілдері бағдаршамдарды жұлып, қоқыс салатын контейнерлерді төгіп, полицияға тас атқылаған. Радикалдар жергілікті телеарнаның журналисі мен түсіру тобына шабуылдаған. Қазіргі таңда жеті адам ұсталды деп хабарлайды, Mossos d’Esquadra каталониялық құқық қорғаушы органдар.

Наразылық акциясының негізгі себебі – жұма сайын Мадридте өтетін Испанияның Министрлер Кеңесінің Барселонда өткізілуі.

Бейсенбі күні Барселонада Испания мен Каталонияның үкімет өкілдері Педро Санчес пен Ким Торраның кездесуі өтті. Кездесудің нәтижесі бойынша, онда тараптар алдағы уақыттарда Каталонияда болатын қақтығыстарды мойындады және келіспеушіліктерді еңсеру үшін диалог жүргізуге келісті.

Дереккөз: http://egemen.kz/