Еліміздің бірнеше қаласында пәтер бағасы арзандаған

0
20 Желтоқсан 2018, 10:50 202 0

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда жаңа пәтер нарығындағы баға саясаты тұрақтаған. Жыл басынан бері Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлердің шаршы метрінің бағасы орташа есеппен 5% қымбаттап, 266 мың теңгеге жеткен. Бұл туралы Ranking порталы хабарлады.

Еліміздің кейбір қалаларында жаңа пәтерлер бағасының төмендегені байқалған.

Ақтау қаласында баға 4,2% төмендеген, Көкшетауда – 4,5%, Павлодар мен Петропавлда – 24% дейін түскен. Бұл жайтты мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған ауқымды құрылыспен түсіндіруге болады.

Сарапшылардың пайымдауынша, елімізде тұрғын үй салуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түріндегі мемлекеттік қолдаудың тиімділігі артуда.

2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың қазаны аралығында тұрғын үй алу жөніндегі банктік заем мөлшері 17,2% өскен (184,6 млрд теңге), оның үстіне ипотекалық нарықтың жоғары активтендірілуі Қазақстанның барлық өңірінде байқалған.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз