«Бәріміз Жаңаөзенге мұқият көз тігіп отырмыз» – Дәурен Бабамұратов

0
165
Advertisement

Жұмысты тек Жаңаөзеннің жастары сұрамайды, барлық аймақтың жастарына жұмыс керек, дейді ол.

Журналист және саясаттанушы Дәурен Бабамұратов әлеуметтік желідегі парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға байланысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Көп жұрт «байқамады» болғанымен, бәріміз жабылып Жаңаөзенге мұқият көз тігіп отырмыз. Жағдай оңтайлы шешіліп, Жаңаөзеннен тек жақсы хабарлар естісек дейміз. Құмның арасында қалып қойған шағын ғана қала, қазақы иісі аңқыған, халқы аңқылдаған, табиғаты қатаң мекен.

Ал егер мәселеге сәл тереңірек үңілсек, әр тараптан келіп жатқан видеоларға көз салсақ, қаладағы жастардың басты сұрайтыны ЖҰМЫС! Жалақысы мардымды жұмыс.

Және бұл жұмысты тек Жаңаөзеннің жастары сұрамайды, барлық аймақтың жастарына жұмыс керек. Әсіресе демографиялық әлеуеті жоғары оңтүстік пен батыстың жастарына екі қолға бір күрек табылмай тұр.

Дәл сол уақытта солтүстік пен шығыста қалалар мен ауылдар қаңырап бос қалған.

Жаңадан тізгін ұстаған үкіметтің басты міндеті осы екі факторды оңтайлы пайдалану деп білем.

Астана мен Ертіс арасына спутник қалалар соғып, Астананың атын, Ертістің суын, Екібастұздың арзан энергиясын пайдаланып, жастарды осылай қарай тартса көп сұраққа нүкте қойылар еді.

Сосын, әр аймақтың азаматына тұрғылықты мекен жайына сәйкес қана әлеуметтік көмек көрсету архаизм. Қазір мобильді заман, мобильді уақыт. ЦОНдар дүркіреп тұр. Жастарды бір аймақта ғана ұстау, тек сол жерден ғана жұмыс іздеу бекершілік.

Бүкіл Қазақстандағы бос жұмыс орындарының ортақ базасы болуы керек. Және жалақы ашықтығы қажет. Сол кезде жыл сайын көрші елдерден келіп жұмыс істейтін 1 млн жуық азаматтардан ел босап, олардың орынына ауылда жұмыссыз жатқан жастар тұрар еді.

Жастарды қайта-қайта шаштараз бен тырнақ бояуға үйрете бергенше әлгі 1 млн келімсек немен айналысады, соған үйрету керек. Яғни, негізінен құрылыс.

Сол кезде Жаңақорған мен Кентау, Жаңаөзен мен Аралда отырған жас азамат, мобильді қосымша арқылы-ақ Астана мен Қостанайда, Алматы мен Ақтөбеде жаңа вакансия барын біліп, жергілікті әлеуметтік қамту орталығының көмегімен жұмысқа оңай шығып кете береді», – дейді Бабамұратов өзінің жазбасында.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз