Бақытжан Сағынтаев министр болып тағайындалуы мүмкін

0

Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) болып тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм арнасы жазды.

Бұл қызметті 2021 жылдың 5 наурызынан бері Руслан Бекетаев атқарып келген еді. Телеграм арнаның жазуынша оның өкілеттілігі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Құжатта тағайындау Еуразиялық экономикалық одақтың сайтына жарияланған күннен бастап күшіне енеді делінген. Алайда ЕЭО пен комиссия сайтында Бекетаевтың өкіліттелігі тоқтап, Сағынтаевтың ұсынылғаны туралы ақпарат жоқ.