Балқашта вагон жөндеушінің екі аяғын пойыз басып кетті

0
407

Балқашта вагон жөндеуші екі аяғынан айырылды. Рельсте жүрген жұмысшы қауіпсіз жерге қашып үлгермеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат 23.45-те машинист Балқаш станциясының 4-рельсінде жүрген адамды көріп, тежеуішті шұғыл басқанымен пойызды тоқтатып үлгермеген.

«Ер адам Балқаш қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Пойыз басып кетуінің мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады», — дейді Балқаш стансасы желілік полиция бөлімінің бастығы Темірлан Машрапов.