Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын — Президент

0

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін іске қосылған жеті қант зауытынан бүгін төртеуі ғана жұмыс істеп тұр, олардың үштен бірі ғана жүктелген. Ауылшаруашылық министрлігі 2026 жылға қарай қант қызылшасының үлесін 7-ден 43 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Алайда соңғы төрт жылда қант қызылшасын егу үш есе қысқарған. Біз 90 пайыз импорттық қантқа тәуелдіміз. Бұл ретте ЕАЭО аясындағы шешімдерге сілтеуге болады, алайда қалай болғанда да, бұл — үкіметтің қателігі. Демек, мемлекет мүддесін қорғай алмадық. Үкімет тез арада қант саласын дамыту бойынша жеке салалық жоба жасап шығаруы қажет. Мақсаты — импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтып, ақырындап өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жету», — деді Тоқаев. Мемлекет басшысы ел алдында қос министр — Сұлтанов пен Қарашөкеевке сөгіс жариялады.