Баласына Гитлердің атын қойған ата-ана сотталды
Адольфа Гитлердің құрметіне балаларына ат қойған жұбайларға үкім шығарылды.
Британияда баласына Адольф Гитлердің атын қойған ерлі-зайыптылар сотталды. Олар тыйым салынған «Ұлттық қимыл» тобына мүше болған. Томас пен Пататас үшінші рейхтің көшбасшысына деген сүйіспеншілігін білдіру үшін балаларына Адольф есімін берген.
Адольф Гитлердің құрметіне балаларына ат қойған жұбайларға үкім шығарылды. Атап айтқанда, 22 жастағы Адам Томас пен 38 жастағы Клаудия Пататас, 27 жастағы Даниэль Богуновичпен бірге Гитлер даңқын асыру мақсатында хабарлар таратқаны үшін, сондай-ақ Ку Клукс Клан киімінде нацисттік құттықтау суреттерін таратқаны үшін сотталған.
Үшеуі де Ұлттық іс-қимылға мүше болғандарын мойындаған. Соттың айтуынша, Томас пен Пататас балаларына Адольфтің атын үшінші рейхтің көшбасшысына деген құрметін білдіру үшін берген. Нақты сот шешім 14 желтоқсанда қабылданады. Сол уақытқа дейін Адам мен Даниэль қамауға алынып, Клаудияға кепілдік берілген.
«Ұлттық іс-қимылдарға тыйым салынғаннан кейін, астыртын жұмыс жүргізіліп, атауын өзгерткен, бірақ ол жойылып кетпеді», — деді прокуратура өкілі Дэб Уолш.