1 қаңтардан бастап «Қорғастан» өтетін қол жүгінің салмағы екі есеге азаймақ

0

2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап «Қорғас» бекетінен өтетін қол жүгінің салмағы екі есеге қысқаратын болады. Қазіргі таңда рұқсат етілген тауар салмағы 50 келіні құраса, 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 25 келіге дейін азайтылмақ деп хабарлайды «Алматы» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Сауданың қызығына кірген қалың көпшілік бүгінде алған тауарын 50 келіден асырмау талабын елемей, шекара бекетінің берекесін кетіруде. Заңбұзушылардың басым бөлігі салықсыз тауар алып шығуға жалданған жергілікті делдалдалдар болып шыққан.

Алайда, кеден бекетінің қызметкерлері тауар тәркілеу, хаттама толтыру сынды қатал шараларды қолға алғандықтан, жалдамалы адамдардың саны сәл болса да азайғанын жеткізді.

«Адамдар түрлі алдауға барады. Мәселен, тауар сыртын көрпе-жастықпен орап тастайды. Ашып қарасаң ішінде көп нәрсе тығылып жатады. Қазіргі уақытта бекеттен өтетін тауардың салмағы 50 келіден аспау керек. Оның кедендік құны 1,5 еуроны құрайды.

Енді еуразиялық экономикалық комиссияның қабылдаған шешімі аясында бұл көрсеткіштер екі есеге өзгертілмек. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып өтетін тауар салмағы 25 келі, кедендік құнын 500 долларға азаяды», – дейді «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Бекеттегі бақылаушылар тауар салмағы тағы да төмендейтіндіктен, кедендік кірістің көлемі көбеюі мүмкін екенін айтады.

Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!