Балаңыз тірі, Құран ұстайын: Қарағандыда мәйіті табылған әйелдің туыстары өтірік уәде берген (видео)
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Тоғызқұдық ауылында 35 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапқаны туралы осыдан бұрын жазған болатынбыз. Күдікті алдымен әйелі хабар-ошарсыз кеткенін айтып, полицияға хабарлаған. Кейін өзіне қол жұмсағаны белгілі болған.
Бүгін осы мәселе туралы әлеуметтік желіге алғаш болып жариялап, жазған қоғам белсендісі Айсұлтан Жақыпов тағы бір видеомен бөлісті.
Видеода Бота марқұмның күйеуінің туыстары құдасының үйіне келіп отырып, олардың балаларының тірі екенін айтып сендіргісі келеді.