«Баланың вакциналау күні мектепте болуы — вакциналауға берілген келісімі»
Қазнетте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, баланың вакциналау күні мектепте болуы вакциналауға берілген келісімге тең деген ақпарат тарады.
Кейбір адамдардың пікірінше, әлемдік қастандыққа қатысушылар осылайша COVID-19-ға қарсы «қауіпті» вакцинамен барынша көп адамды вакцинациялауға ниетті. Мұның барлығы – фейк.
Шын мәнінде, хабарлама авторы сүйеніп отырған мәтінді ДДСҰ 2014 жылы жариялаған және оның COVID-19 пандемиясына немесе осы ауруға қарсы вакцинациялауға еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, бұл құжат іс-қимыл нұсқаулығы немесе ережелер жиынтығы емес.
Таратылып жатқан постта ұсынылған дәйексөзден алынған абзацтың тақырыбында: «Вакцинациялауға келісім алудың кең таралған жолдары» делінген. Одан әрі мәтінде әр түрлі елдерде қолданылатын жазбаша, ауызша және болжалды келісім алу стандарттары сипатталған.
Қазақстанда баланың вакциналау күні мектепте болуы процедураға берілген келісім ретінде қарастырылмайды. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, ҚР кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқылы. Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуінен хабардар түрде бас тартуға құқылы.
Қорыта айтқанда, таратылып жатқан ақпарат жалған және COVID-19-ға қарсы вакциналауға да, Қазақстанға да еш қатысы жоқ.