«Қазақтың или Қайраттың Клеопатрасы». Жұлдыз Әбдікәрімованың сұлулығы жігіттерді құлатты (фото, видео)

0
6105
Сурет: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Жуырда ғана «Әлем ханымы-2020» атағын иеленген Жұлдыз Әбдікәрімова Мысырдағы отбасылық демалысының суретін бөлісті. Көпшілік оның жаңа образына ерекше сүйсінгенін жарыса жазып жатыр.

«Нефертити — сұлулығымен талайдың таңдайын қақтырған, Эхнатон патшаның әйелі. Оның мүсіні, кескіні қанша ғасыр өтсе де танымалдылығын жоғалтпады. Кезінде Нефертитиге ұқсау үшін әлем әйелдері кескіндеріне талай рет ота жасатқан екен. Фараонның әйелі туралы аңыз көп. Бірақ сіз оны менің жазбамнан оқымай, өзіңіз Египетке кеп көре аласыз», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Көпшілік оның осы күнге дейін суреттері мен видеосына сүйсіне қарағанын жарыса жазып жатыр.

«Королева», «Сіз де әлем ханымдарын шаң қаптырдыңыз емес пе? Сіз одан да сұлусыз», «Қазақтың или Қайраттың Клеопатрасы», «Жұлдыз, керемет. Бәрі жарасады», «Мүсініңіз таңқаларлықтай керемет. Қазақ әйеліне тән қасиетті өзіңізден көремін. Сұлулық символы сіздей болса, арман жоқ қой.

Жақсы демалып қайтыңыз қазақтың қарапайым жұлдыз қызы», «Жұлдыз қалқам, Алла бағыңды еселеп, сұлулықтың символы болып жатсың. Құтты болсын! Сен балаларыңмен, отбасыңмен, жасаған еңбегіңмен, келіндік қызметтеріңмен де сұлусың», «Абыройлы еркектің артында — ақылды әйел тұрады деген осы» деп жазды желі қолданушылары.

Бұл жолы Жұлдыз Әбдікәрімова саяхатқа анасын да ала барған.