Балалық шағы өткен үйінің суға кеткенін көрген танымал актер жылап қалды

0

«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков үйінің суға кеткенін көріп, жылап қалды, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Актер Құлсары қаласында дүниеге келген. Өнер иесі әлеуметтік желіде үйінің қазіргі видеосын салып, көз жасына ерік берді.

«Балалық шағымның өткен жері ғой. Қара шаңырақ. Жүрек ауырады… Алла сабыр берші», — деді ол.