Балаларды терезеден қағып алдық: Ақтөбеде таксист жігіт түн ішінде өртенген үйден 7 адамды құтқарды — Қазақстан жаңалықтары

0

3 сәуір күні Ақтөбеде жеке үйден өрт шықты. Сол маңда жүрген таксист үйдегі адамдарды құтқарып қалды, деп жазады Мой город.

Балаларды терезеден қағып алдық: Ақтөбеде таксист жігіт түн ішінде өртенген үйден 7 адамды құтқарды

32 жастағы Азат Балғазин өрт шыққан үйге тұра ұмтылған. 4 сәуір күні оған медаль тағып, ТЖ департаменті алғыс хатын жеткізді. Азат Балғазинді «Өрт күзетіне 100 жыл» медалімен марапаттады. 

«Екі жолаушыммен бірге кетіп бара жатқанбыз. Үйдің жанып жатқанын көрдік. Өрт сөндірушілерге хабарластым. Үйдің терезесін қағып, ішіндегілерді оята бастадық. Әкесі мен анасы бірінші қабатта ұйықтап жатқан. Екінші қабатта балалары ұйықтаған екен. Біз терезеден секірген балаларды қағып алдық. Оның бірі есінен танып қалды», — дейді Азат Балғазин. 

Азат Балғазин бала күнінде өзінің де үйі өртенгенін айтты. Әкесі екеуі өртенген үйінің отын өшіргенін еске алды. 

Облыстық ТЖД орынбасары Қайрат Қасым Азаттың ерлігін жоғары бағалады. Телефонға түсіріп, қарап тұрмай дер кезінде көмекке келгенін айтты. 

«Сол күні қатты жел соқты. Жалын көрші ғимаратты шарпуы мүмкін еді. Азат жанындағы адамдармен көмекке келді. Оның арқасында 7 адам құтқарылды. Оның үшеуі бала. Баланың бірі иіс тиіп, жансақтау бөлімінде жатыр», — деді Қасымов.

 

stan.kz