Бәйтерек ауданы әкімдігі, қалыңыз қалай?
«Әділдік жолы» РҚБ-і Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге көлік жолдары саласындағы «Әділдікті талап ет!» жобасын жүзеге асыруда.
06.05.2020 ж. Бәйтерек ауданы Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы бөлімі«Адал Арна» ЖШС-мен кенттегі 10 көшеге асфальт төсеу туралы 565 136 108 теңгеге шарт жасаған.
Мичуринское кентінде келесіні анықтадық:
Садовод, Зеленая, Октябрьская, Проезд, Громова, Магистральная, Садовая, Производственная, Мичуринкөшелері жөнделген.
Бірақ, Подстанционная (ұзындығы 340 м) көшесіне тас жол салынбаған6 әйтседе ол шартта және жобада көзделген.
Подстанционная және Производственная көшелерінің арасындағы 47 метр жолға да асфальт төселмеген.
Ең сорақысы, Подстанционная көшесінің қақ ортасына тұрғын үй салынған, өйткені әкімдік заңсыз жер берген, ал ол болса жолды жауып тұр, көше тұйыққы айналған. Бұл Жер кодексінің талабына қайшы.
Және жөнделген Мичурин көшесінің ені 4,7 м., ал шарт бойынша 6 м. болуы тиіс.
Тұрғындар жолдың салынуын оншақты жыл күткенін, арыз жазып, көшені тізімге енгізгенін, ал әкімдік уәдесіне тұрмағанын жеткізді.
Айтуынша, әкімдік өз бетінше оларды тыңдамай асфальтты Подстанционная көшесіне емес, Студенческая көшесіне ауыстырған. Себебі ол жерде шенеуніктер тұрады.
Бұзушылықтар тіркелді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жолданды.
Баршаңызға хабарлаймыз, осындай бұзушылықтарды 1463 номеріне және adildik.kz сайтына жолдаңыз.
Бейқам болмайық!
Бауыржан Закиұлы Ахметжан