Байқоңырдан «Союз» кемесі ұшырылды — Қоғам|04 Желтоқсан 2018, 09:17

0
04 Желтоқсан 2018, 09:17 88 0

Астана, BAQ.KZ. Кеше Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш станциясына үш ғарышкері бар «Союз» кемесі ұшырылды.

МКС-58/59 ғарыш экспедициясының негізгі экипажы құрамында ресейлік ғарышкер Олег Кононенко, канадалық астронавт Давид Сен-Жак пен америкалық ғарышкер Энн Макклейн бар. Бұл 11 қазан күні Байқоңырдан ұшқан «Союз МС-10» кемесі апатқа ұшырағаннан бергі ғарышқа көтерілген ең алғашқы кеме.

Қазанның 11-і күні Байқоңырдан «Союз МС-10» кемесін тіркеп ұшқан «Союз-ФГ» зымыран тасығыш апатқа ұшыраған болатын.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ