Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуы – видеотрансляция
Мемлекеттік комиссия 13 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Спектр-РГ» астрофизикалық ғарыш обсерваториясы бар «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру туралы шешім қабылдады
Бастапқыда зымыран тасығышты 21 маусымда ұшыру жоспарланған, алайда «Спектр» батареясының разрядталуына байланысты 12 шілдеге ауыстырылды. «Протон» зымыраны ұшыру кешенінен монтаждау-сынақ корпусына жеткізіліп, мамандар батареясын ауыстырды. Қайта шығарылғаннан кейін, ұшыру зымырандағы ақауларды жою үшін 13 шілдеге қалдырылды.
«Спектр-Рентген-Гамма» («Спектр-РГ») ғарыш обсерваториясы – Ғаламды рентгендік диапозонда зерттеу мақсатында орбиталды астрофизикалық обсерваторияны құруға бағытталған халықаралық ресейлік-германиялық жоба.
sputniknews.kz