14, 15, 16 шілдеде қандай оқиғалар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды

0
103

Sputnik Қазақстан 14 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 15 және 16 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

14 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

06:50 – триатлоннан халықаралық IRONMAN 70.3 Astana қатысушылары жарысты бастайды (Астана Триатлон саябағы).

АЛМАТЫ

16.00 –  Woman Insight әйелдер фестивалі («Бақшасарай» салтанат сарайы», Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны +7 727 339 02 88).

ҚАРАҒАНДЫ

11.00 – мәжіліс депутаттары ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездеседі (Ермеков көшесі, 124. Байланыс телефондары: +7 778 986 66 77, +7 (7212) 40 08 51).

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

18.00 – балаларға арналған вокалдық Baqytty Bala 2019 фестиваль-байқауының гала-концерті (Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 90Б, «Өнер орталығы» концерт залы. Байланыс телефоны: +7 775 574 30 34, +7 747 876 7565).

15 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – әуе нарығын дамытуға арналған «RoutesSilkRoad 2019» форумының баспасөз мәслихаты өтеді (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация +7 (7172) 76 86 18, +7 702 220 33 88 телефондары бойынша жасалады).

10.00 – Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді (аккредитация [email protected] поштасы арқылы жасалады).

10.00 – «RoutesSilkRoad 2019» форумы (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация +7 (7172) 76 86 18, +7 702 220 33 88 телефондары бойынша жасалады).

11.00 – I Run Kazakhstan жобасына арналған баспасөз мәслихаты. I Run Kazakhstan жобасының жартысы аяқталуға жақын. I Run Kazakhstan  – жүгіру жобасы. Алматылық Александр Габченко 14 өңірде ойлы-қырлы жерлерде жүгіруді мақсат еткен. Автордың айтуынша, I Run Kazakhstan жобасы Қазақстанды жаңа қырынан танытады (QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің штаб-пәтері, Абай даңғылы, 22. Аккредитацияны +7 702 891 70 05, +7 (7172) 99 93 36 телефондары бойынша жасауға болады).

12.00 – ATP Challenger және ITF Women’s  «Президент кубогы 2019» теннистен халықаралық турнир өтеді. Жалпы жүлде қоры –  215 000 АҚШ доллары. Кубокта Қазақстанның намысын Александр Недовесов, Андрей Голубев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин, Анна Данилина, Гозаль Айнитдинова, Екатерина Дмитриченко, Дарья Детковская мен Жібек Құламбаева қорғайды. Негізгі матчтар шілденің 15-і күні басталады. Турнирдің ресми ашылу салтанаты 16 шілде күні өтеді. Жеңімпаздар 21 шілде күні марапатталады (Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы, 4/2).

16 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

Бокстан «Қазақстан президенті кубогы» VII халықаралық турнирінің басталуы. 20 шілдеге дейін созылатын сайыста 13 елдің өкілдері бақ сынайды. Турнирге Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Өзбекстан және Тәжікстаннан барлығы 123 ер мен 33 боксшы әйел қатысады деп жоспарланып отыр.

АЛМАТЫ

11.00 – биржа нарығының 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылауға арналған KASE-тің баспасөз мәслихаты. Ұлттық банк базалық ставканы жария етеді деп болжанып отыр (Алматы, Байзақов көшесі, 280, «Almaty Towers» көпбейінді кешенінің солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE мәжіліс залы).

ҚАРАҒАНДЫ

12.00 –  «Tengri Bank» АҚ жаңа қызмет көрсету орталығының ресми ашылуы. Салтанатты шараға Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумар, банк басқармасының төрағасы Динеш Кумар, сондай-ақ, әкімдік өкілдері, клиенттер мен серіктестер қатысады (Нұркен Әбдіров даңғылы, 19).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz