Домой Жаңалықтар Байден: «Путин тақта қалмауы тиіс. Ол диктатор.»

Байден: «Путин тақта қалмауы тиіс. Ол диктатор.»

0
868

Байден Варшавада тарихи мәлімдемемен сөз сөйледі десек те болады. Айтқандарынан қысқаша келтірсек:

— Путин қирап, сүйегі қурап қалған империяны тірілткісі келеді. Ол ойы ешқашан іске аспайды.

— Украина соғысып жатыр. Олар тек өздері үшін емес, күллі демократиялық елдер үшін соғысуда. Сондықтан көмекті көбейтеміз.

— Қазір бір доллар 200 рубль тұрады. Шынайы құны сол. Путин рубльді күлге айналдырды.

— Путин Ресейді 19 ғасырға аттандырды.

— Путин тақта қалмауы тиіс. Ол диктатор.

— Еуропа елдері Ресейге энергетика жағынан тәуелді болмауы тиіс. Біз көмектесуге дайынбыз.

— Ресей бұл соғыста жеңіске жете алмайды. Қазірдің өзінде бұл соғыста ол қателік жібергенін біліп отыр, іштей сезіп отыр.

— Соғысты қаржыландырушы Ресей олигархтары. Сондықтан біз олардың бар байлығын тартып алудамыз.