Байден: Путин соғыс қылмыстары үшін сотталуы керек

0

АҚШ президенті Джо Байден Ресей армиясы жасаған әскери қылмыстар үшін Ресей президенті Владимир Путинді сотқа шақырды. Сонымен қатар ол елге қарсы қосымша санкциялар талап ететінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Шындығында, сіз Бучада болған оқиғаны көрдіңіз — өте қорқынышты және оны бәрі көріп отыр. Ол әскери қылмыскер… бірақ біз соғыс қылмыскерлерін соттай алатындай барлық мәліметтерді жинауымыз керек», — деді Байден.