Түркістанда үй өртеніп, екі кішкентай бала қаза тапты

0
47
Фото stan.kz сайтынан алынды

Түркістан облысында жеке үй өртеніп, салдарынан 2007 және 2009 жылдары туған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Сауран ауданы, Бабайқорған ауылында болған. Ауданы 255 шаршы метр болатын екіқабатты үй өртенген.

Өрттің салдарынан ауданы 60 шаршы метр болатын бірінші қабаттың жабыны опырылып түскен.

«Оқиға орнынан 2007 және 2009 жылдары туған екі баланың мәйіті табылды», — деп хабарланды Түркістан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.