«Баянның бағын ашқан менмін» — Талғат Теменов

0

Кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі Талғат Теменов YouTube арнасындағы “Адал адам” бағдарламасына берген сұхбатта продюсер Баян Есентаеваның бағын ашқанын мақтана жеткізді.  Ел арасында тарап-жүрген «Гүлназға ғашық болмаса, осындай туынды жасамас еді» деген алып-қашпа әңгімеге де нүкте қойды.

Талғат Теменов «Махаббат станциясы» конфильмінің танымал болуына сценарийдің шынайы болуы басты себеп екенін айтты. Повесть 1977 жылы Талдықорғанда актер болып жүргенде жазыпты. Алғашында кітап аз тиражбен ғана жарық көрген.

«Осыдан екі-үш жыл бұрын түнде бір қыз зар еңіреп хабарласты. «Талғат аға, мен «Гүлназ» повесін оқып, зар еңіреп жылап отырмын. Жанымды қоярға жер таппай отырмын. Мұншама сұлу дүниені қалай жаздыңыз?» деді.

Таза кино таза махаббаттан шыққан. Оның әр әрпінде, әр сөзінде, әр жолынба бір төгіліп жатқан сырдың бар екені де айтылды. Бірақ режиссер Баян Мақсатқызымен көптен сөйлеспегенін де, алайда оның талантымен мақтанатынын жеткізді.

Видеоның толық нұсқасы: https://youtu.be/M1PWNWt6sTM?si=4U9-Yz26CL-NI9yn

фото: kaz.nur.kz