«Қайрат Сатыбалдының қолдауымен Бекболат, Тазабектердің бас шұлғуының арқасында сондай діни арналар болды, әлі де жоқ емес» — Теменов

0

Кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі Талғат Теменов YouTube арнасындағы “Адал адам” бағдарламасына берген сұхбатта Қазақстандағы діни арналар туралы пікірімен бөлісті.

«Қайрат Сатыбалдының қолдауымен Бекболат, Тазабектердің бас шұлғуының арқасында сондай діни арналар болды, әлі де жоқ емес. Олай болса, неге басқа діни христиан, будда арналары ашылмады? Яғни билік басында арқасүйерлері, тіреп тұратын ағалары болғаннан кейін ашылды. Бүгін де біз сол жиырма бес немесе отыз жыл бұрын ашылған арналардың жемісін жеп жатырмыз. Сол кездегі ағымдар біздің жастарымыздың ақыл-ойын жаулап алды. Кез келген жерде ретімен де, ретсіз де Құран бағыштап, театрда да, кинода да, мынаған да, анаған да жасадық. Сондай үрдіс пайда болды. Алайда адамның өмірге келген миссиясы ертең өлем, жұмаққа барам емес, негізгі мақсаты — із қалдыру»,- деді ол.

Видеоның толық нұсқасы: https://youtu.be/M1PWNWt6sTM?si=4U9-Yz26CL-NI9yn

фото: paryz.kz