Баян туылғанда туыстары ұл екен деп ойлаған (ВИДЕО)

0

Баян Мақсатқызының анасы Гүлжамал Мұхитденова Баянды өмірге қалай әкелгенін айтты. Сол кездегі қызықты жайттарды айтып берді. Перзентінің дүниеге келуімен даулы оқиға басталғанын еске алды. Одан бөлек, қыздары Баян мен Бағым Мақсатқызының мінезі бір-біріне ұқсамайтыны туралы сөз етті. 

Бұл туралы Тимур Балымбетовпен болған сұхбатта айтылды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Гүлжамал Мұхитденова бала тәрбиесіне қатал. Үш қызына қатал тәрбие беріп, бала күнінен үй шаруасына араластырған. Тіпті ұл балалардың жұмысын міндеттеген. Бұл өмірге тез үйреніп, алғыр бала болуға жетелейді дейді ол. Ал Баян ханымды өмірге әкелгенде даулы оқиға болғанын еске алады.

“Баянды 9 қаңтар күні түнде өмірге әкелдім. Дәрігерлер оны қыз деп айтты. Бірақ кейін ұл деп жазды. Дәрігерлер шатасып ұл деп жазыпты. Оны менің күйеуім, енем, туыстарым естіді. Солай ұл деп той тойлатты. Перзентханаға ұл баланы алып кетуге келгенде мен қыз туғанымды айттым. Олар сенбеді. Дәрігердің бәрін шақыртты. Енем перзентхананы басына көтерді. Неге шатасасыңдар деп ұрысты. Перзентхана басшысы келіп тексерді. Менің қолыма ұл деп жазған. Мен бірақ қыз туғанымды айттым. Енем бізге ұлды тауып беріңдер деп ұрысты. Сондай жағдайлар да өтті ғой”, – дейді продюсердің анасы.

Гүлжамал ханым әр қызына әртүрлі қарайды. Әсіресе Бағым Мақсатқызын жиі еркелетеді. Ол кенже болған соң бар жақсыны, әдемі сыйлықты кіші қызына беруге тырысады.

  • “Анам үнемі Бағымды ойлап жүреді. Оның туған күніне сыйлық алады. Небір әдемі нәрселерді сыйлайды. Үлкен сервис ыдыстар алады. Ал маған кішкентай зат бере салады. Мен себебін сұрасам, ешнәрсе етпейді дейді. Анам әр қызына әртүрлі қарайды. Ал әкем бәріне бірдей. Ешкімді бөліп-жармайды”, – дейді Баян ханым.

Анасының айтуынша, Баян ханым оқушы күнінде мектеп формасы үшін үнемі сөз еститін болған.

“Баян үнемі мектеп формасы үшін сөз еститін. Сол үшін мұғалімдер ескерту айтатын. Ол қысқа киді. Ол мектепке сай емес киінді деп айтып жатады. Мен “егер өзіне жарасып тұрса, болды емес пе?” деймін. “Қысқа белдемше кигенде тұрған не бар?” деймін. Баян өзіне ұнамайтын киімді кигісі келмейтін. Сәнқой болды. Сол үшін жиі сөз естіді”, – деді анасы.