Бағасы 5700 АҚШ доллары: Үш жасар қызын сатпақ болған ана ұсталды
Өзбекстанның Навой облысы Ұшқұдық ауданының Д. Б. есімді тұрғыны үш жасар қызын сатпақ болған жерде ұсталған.
Бұл жөнінде бас прокуратураның экономикалық қылмыспен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әйел қызын И. деген азаматқа 60 млн сумға (5700 АҚШ доллары) сатпақ болған.
Д. Б. деген әйелге қатысты «Адам саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.