Әзірбайжанның Гәнжә қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болды: Төтенше жағдайдың суреттері — Жаһан
Әзірбайжанның Гәнжә қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты, бір адам ауруханада жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Төтенше жағдай таңғы уақытта болған. Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өкілдері үйіндінің астында адамдар қалып қалған болуы мүмкін екенін және сондықтан құтқару операциясының жалғасып жатқанын айтып өтті.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газдың шығуы себеп болуы мүмкін.
«Үйіндінің астынан әйел мен баласының денесін алып шықты», — деп хабарлаған еді осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сафая Ахмедова басылымдағыларға.
Minval.az мәліметінше, әйел адам педагог болған, ал ұлы 24 жаста болған. Үшінші қаза тапқан адамның әскери қызметкер болғаны айтылады.