Жансейіт Түймебаев өзінің орынбасарын ақыры жұмыстан босатты — новости Казахстана

0

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өзінің орынбасарын жұмыстан босатты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ұласбек Сәдібеков. Фото:otyrar.kz

Ұласбек Сәдібеков. Фото:otyrar.kz

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қызметінен босатылды. Оның орнына Мәлік Отарбаев тағайындалды.

Айта кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын қоғамдық резонанс тудырған Сарыағаштағы жеті жасар баланың зорлану оқиғасы бойынша бірқатар лауазым иелері жұмыстан босатылған еді.

NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында Жансейіт Түймебаев баланың зорлану ісі дәлелін тапса, тағы да бірқатар жауаптыларды қызметінен кетіруге дайын екенін жеткізген болатын.

«Тергеу аяқталған соң жауаптыларды жазалау жалғасатын болады. Себебі біз құқық қорғау органдарының сараптамалық қорытындысына сүйенуіміз керек. Сол кезде тағы да жазалайтын боламыз», — деген әкім тіпті өзінің орынбасары Ұласбек Сәдібековті де жұмыстан босатуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Қызметімен қоштасқан Сәдібековтің қандай қызметке баратыны әлі белгісіз. Оның орнын басқан Мәлік Отарбаев 1980 жылы дүниеге келген.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Қазақстанның Түркия елшілігіндегі үшінші хатшысы болған.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар