Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс тоқтады

1
751
Advertisement

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзірбайжан мемлекетінің басшыларымен ортақ келісімге қол қойып, соғыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы армиян үкімет басының facebook әлеуметтік желісінде жазған жазбасында айтылды. 

«Құрметті отандастар, бауырлар және әпкелер. Мен өзім үшін және бәріміз үшін өте ауыр шешімді қабылдадым. Қарабахтағы соғысты тоқтатуға байланысты Ресей және Әзірбайжан елдерінің басшыларымен келісімге келдім», – деп жазба қалдырды Армения премьер-министрі.

Үкімет басы бұл қадамға үлкен талдау жасап барып келгенін айтқан. Ол өзінің жазбасында «бұл өзің білмегенше, жеңіс те емес, жеңіліс те емес» деген сөзді келтіріп, қаза болғандарға және отанын қорғаған жанкештілерге басын иетінін жеткізген.

«Армения жасасын! Арцах жасасын!»,- деп жазбасын аяқтаған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

1 Пікір

  1. Арменияда бүлік басталды: Назарылар үкіметті құлатып, парламентті басып алды - ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

    […] Арменияда Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталғандығы туралы жаңалықтан кейін жаппай наразылық басталды. Елдің премьер-министрі Никол Пашинянның бұл туралы мәлімдемеге қол қою туралы мәлімдемесінен кейін бірден адамдар көшеде жинала бастады. […]

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз