Азаттық тілшісі жәшікте бірге бүктелген бес бюллетень жатқанын көрді

0

Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі дауыс беру жәшігінде қатарынан бес бюллетеннің бірге бүктеліп жатқанын көрді. Бұл оқиға 9 маусымда таңертеңгі сағат 7 жарым шамасында қаладағы №152-ші сайлау учаскесінде болды. Бірақ сайлау учаскесінің төрайымы Азаттық тілшісіне әуелі «бір отбасыдан салған шығар» деп айтқанмен кейін бұл оқиғаны мүлде жоққа шығарды.

Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы Алматыдағы Алғабас ықшам ауданындағы №528 сайлау учаскесінде бір адамның екі бюллетеньді қатар салғанына куә болды (Видеосы да бар).

«Дауыс беруші азамат қызым үшін де дауыс бердім деді. Бақылаушылардың бірі растады. «Нұр Отанның» бақылаушысы көрмедім деп айтты. Сайлау учаскесінің төрайымы екі бюллетень бір-біріне жабысып қалған болар деп жауап берді» деді тілші.

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Елде 9 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.

Azattyq