Ауыр халдегі бүлдіршін Ресейден Қазақстанға шұғыл жеткізілді — новости Казахстана

Санитариялық авиация ұшағы ауыр халде жатқан 2017 жылы туған сәбиді Новосібірден Қазақстанға жеткізді. Бұл жөнінде Республикалық санавиация орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: 24.kz
Қазақстан азаматы болып саналатын бүлдіршіннің ата-анасы денсаулық сақтау министрлігіне өз жағдайын түсіндіріп, өтініш білдірген.
Нәтижесінде, аталмыш министрлік Сыртқы істер министрлігінің көмегімен сәбиді отанына алып келу мәселесін шешуге кірісті. Жүргізілген шұғыл іс-шаралардың арқасында Новосібірде болған сәби елге оралды.
Бүлдіршін енді емін Астана қаласындағы №2 балалар ауруханасында жалғастыратын болады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар