Журналистерді қорқыту үшін адамның кесілген басын тастап кеткен

0
264
Журналистерді қорқыту үшін адамның кесілген басын тастап кеткен


Мексика әлемде тілшілерге ең жиі қастандық жасалатын елдердің бірі. 

Сьюдад-Виктория қаласында Expreso мексикалық басылымының ғимараты маңына адамның кесілген басын тастап кеткен. Қорқынышты қорап ғимараттың көлік тұрағынан табылған. Қасында басылым қызметкерлері мен қаланың басқа тілшілеріне қоқан-лоққы көрсетіп жазылған хат бар екен.

Қазір оқиға орнында полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқан адамның кім екені анықталады. 2012 жылы Expreso газеті ұқсас жайтқа тап болған. Ол кезде біреулер тұрақта тұрған көлікті жарып жіберіпті. Жалпы Мексика елі 2018 жылы тілшілерге жасалған қастандық көрсеткіші бойынша алғашқы бестікке енді.

Дереккөз: Sputnik