Ауыр дертке шалдыққан Қазақстан чемпионына шұғыл көмек керек — новости Казахстана

0

ММА-дан Қазақстан чемпионы Мақсат Өміртаев ауыр дертке шалдығып, өмірі үшін күресу үстінде. Отандық спортшыға қажетті ем алу үшін қыруар қаражат керек деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жас спортшы сирек кездесетін мистения ауруына тап болған. Бұл аутоимунды жүйке-бұлшықет дерті адам денесінде әлсіздікті күшейте түседі.

Кеселдің салдарынан бұлшықет тез әлсізденіп, тіпті баспалдақпен көтеріліп түсу қиынға соқпақ. Оған қоса, адамға қолын жоғары көтеру де қиын болады.

Аурудың бұл түрі туыла бітіп, немесе кейіннен де пайда болып жатуы мүмкін. Мақсат Өміртаев ұзақ уақыт бойы дертпен өздігінен күресіп келіпті.

Алайда жағдайы одан бетер нашарлана бастаған соң, ол ММА федерациясының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Спортшының еміне 900 мың теңге көлемінде қаржы қажет.

Федерация президентінің мәлімдеуінше, емделудің бірінші кезеңіне қажетті сомма санаулы сағаттарда-ақ жиналған.

«Алдағы уақытта емнің екінші кезеңі басталмақ. Әзірге біз нақты қанша қаржы қажет екенін білмейміз. Көмек қолын созған әрбір жанашыр адамға алғысымыз шексіз. Алла разы болсын Мақсаттың анасы барлықтарыңызға өз атынан рахмет айтуда» , — деп жазды ММА президенті өз парақшасына.

Айта кетейік, ММА-дан Қазақстан кубогінің иегеріМақсат Өміртаев Теміртау қаласының тумасы. 25 жастағы жігіт жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ережесіз жекпе-жектегі мансабын 2015 жылы бастаған ол WEF және JFC турнирлеріне қатысқан.

Оған қоса, Мақсат қысқы Универсиадада Қарағанды облысынан факел ұстап шыққан бірінші спортшы болды.

Мақсат Өмірбаевқа көмек қолын созам деушілер үшін:

Байшахметова Ляззат Сағантайқызы (Мақсаттың анасы)

KASPI: 5169 4931 7727 8333

ИИН: 730505450317

Байланыс: +7 700 963 13 61