«Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасы -2022 өтеді

0

«Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасы -2022

«Мың бала»-2022 жылғы олимпиадаға тіркелу науқаны 19 ақпанда басталды. Олимпиада «Елбасы Академиясы» Қоры мен Алматы облысы Білім басқармасының қолдауымен өткізіледі. Биылғы жылы 30 мыңнан астам 5-6- сыныптағы ауыл мектептерінің оқушылары қатысады деп күтілуде. Тіркеу 20 наурызға дейін жалғасады.

Олимпиада жеңімпаздары облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге мүмкіндік алады.
Мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.

I кезеңге қатысу үшін Олимпиадаға қатысушылар тиісті жылдың күнтізбелік 30 күні ішінде онлайн-платформада тіркеуден өтеді. Тіркеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қатысушылар үшін онлайн режимде тестілеуге қолжетімділік беріледі.

ІІ кезеңнің өтетін күні мен орны туралы мәліметтер, сондай-ақ олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысушылардың тізімі компьютерлік тестілеу өткізілгенге дейінгі күнтізбелік 10 күн бұрын ресми ресурста жарияланады.

Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Жеңімпаз атанған мың оқушыға Олимпиада жеңімпазының дипломы беріледі. Диплом тапсыру үшін ІІ кезеңнің жеңімпаздары күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, тұрғылықты өңірлері бойынша марапаттау рәсіміне шақырылады. II кезеңнің жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау мүмкіндігі беріледі.

Атап айтсақ, 2021 жылғы «Мың бала» олимпиадасы облысымызда ұтымды өтіп, өз оңтайлы нәтижелерін көрсетті.