Әуежайда ұшақ ер адамды қағып өлтірді

0
Әуежайда ұшақ ер адамды қағып өлтірді


Мәскеу-Афины рейсін орындаған Boeing 737 ұшағы ер адамды қағып кеткен.

Шереметьево әуежайының ұшу-қону жолағында ер адамның мәйіті табылды. Ақпаратттарға сүйенсек, қаза тапқан адам Армения азаматы.

Шереметьево әуежайы берген мәлімет бойынша, сағат 20:10 кезінде экипаж ұшақтың белгісіз бір затпен соқтығысқанын хабарлаған. Ресейдің Тергеу комитеті Twitter желісінде оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады.

Видеоны түсірген қызметкердің айтуынша, жолақ бойында ер адамның күртесінің жүні мен қалдықтары, спорттық аяқ киімнің бауы табылған. Қазір тергеу комитеті мен прокуратура орын алған оқиғаны тексерумен айналысып жатыр.