ел, халық, арман жайлы мақалдар

0
Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ

Арман — адамға қанат.

Армансыз адам — алысқа бармас.

Арманы бар адамның
Бойында қайнар қуаты,
Алдында жанар мұраты.

Желі тұрған оңынан.
Жеті өзеннен өтеді,
Жеті таудан өтеді,
Арманына жетеді.

Жақсыны арман оздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.

Арманы жоқ жас —
Қанатсыз қарлығаш.

Ақылы жоқтың — арманы жоқ.

Қыз құшпаған ер арманда,
Қызғалдақ жемеген қозы арманда.

Арманымен — ер сұлу,
Орманымен — жер сұлу.

Көппен көргеннің арманы жоқ.

Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.

Қол — қысқа,
Ой — ұзын,
Арман — биік.

Азды көпке қосқанның
Арманы жоқ.

Арман адамға қанат.

Адамды арман қосады,
Алғашқы дәрмен қосады.

Пәрменсіз адам болса да,
Армансыз адам болмайды.