Әуекомпания Ақтөбе — Нұр-Сұлтан рейсіне кіргізбей қойған жүкті әйел бөтен қалды
Жүкті әйелді Ақтөбе-Нұр-Сұлтан рейсі бойынша ұшаққа кіргізбей қойған. Авиатасымалдаушы жолаушының жағдайына байланысты жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартқан. «QAZAQ AIR» авиакомпаниясы заң бойынша әрекет еткендерін мәлімдеді, деп хабарлайды «Астана» арнасы.
Гүлназ Салбилекова сол күні таңертең елордадан Ақтөбеге жұмыстарымен ұшып келген. Бірақ кешке үйіне ұша алмады. Нәтижесінде әйел түнде бөтен қалада көшеде қалды. Оның үстіне билетке төлеген ақшасын қайтармаған.
Оны жүктілігіне байланысты ұшаққа кіргізбеген. Авиакомпания өз әрекетін медициналық анықтаманың жоқтығымен түсіндірді.
«Ол жүктіліктің 26-шы аптасында. Ережеге сәйкес, ол айырбастау картасы мен дәрігердің анықтамасын ұсынуы керек еді. Өкінішке орай, жолаушы анықтама бере алмады. Сондықтан авиакомпания жолаушыны рейстен шығару туралы шешім қабылдады», — деді «QAZAQ AIR» әуе компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Сәкен Нығмашев.
Алайда, астаналық әйелдің сөзіне қарағанда, ол бірінші рейстің алдында елордалық әуежайға хабарласқан. Онда арнайы анықтаманының талап етілетіні туралы ештеңе айтпаған.
«Мен Қазақстанда тұрамын. Ережелер барлық жерде бірдей болуы керек. Бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайының медициналық қызметінен қоңырау шалып, білген кезде, олар: «32 аптаға дейін айырбастау картасымен ұша аласыз», — деді. Ал мына жерде болмайды деп айтады», — деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гүлназ Салбилекова.
Заңгерлердің айтуынша, әуежайлар мен авиакомпаниялардың ережелері шынымен де әртүрлі болуы мүмкін. Демек, Гүлназ Салбилекова – жолаушылар үшін бірыңғай заңнамалық базаның болмауының құрбаны.
«Бұл жағдайда — әуе компанияларының саясаты. Кейбір әуе компаниялары ұшақта тиісті жабдықтар болған кезде тәуекелге барып, жүре алады. Басқа авиакомпания ала алмайды», — деді Нұр-Сұлтан қаласы заң палатасы төрағасының орынбасары Олег Саакян.
Гүлназ Салбилековамен де солай болды. Таңертеңгі және кешкі рейстерге билеттер әртүрлі авиакомпаниялардан алынған. Айтпақшы, рейске төлеген ақшасы әйелге сол күйі қайтарылмады. Ол келесі күні ғана Нұр-Сұлтанға пойызбен шыға алды.