Ауа райы болжамы: 27 ақпан

0
122

«Қазгидромет» болжамына сүйенсек, 27 ақпанда құбылмалы ауа райы болады

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерде жауын-шашын түсіп, еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерде боран, көктайғақ, тұман болады, желдің екпіні 15-20 м/с, Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерде тұман, Жалаңашкөл ауданында  желдің екпіні – 17-22 м/с, ұйытқуы 25 м/с.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерде  боран соғады, Павлодар облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ, Жамбыл облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с. Түркістан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте сәрсенбі күні көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 8-11 градус жылы, түнде 1-3 градус нөлден жоғары.

Алматыда 27 ақпанда күндіз жауын-шашынсыз жайма шуақ ауа райы болады. Күндіз 4-6 градус жылы, ал түнде сынап бағанасы +1-3 градусты көрсетеді.

Елордада ертең ауа райы бұлтты болып, арасында күннің көзі күлімдейді. Ауа температурасы тәулік бойы минус 6-9 градус деңгейінде болмақ.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз