Атышулы трансгендер Амилай қазақ халқынан кешірім сұрады (видео)
Күні кеше желіде трансгендер Амилай тұрмысқа шыққанын хабарлап, сүйінші сұраған болатын. Күйеужігіт қалыңдығы Амилайды үйіне ұлттық киімде алып келген еді.
Дегенмен бұл жаңалықты көпшілік дұрыс қабылдамады. Жақында бір топ қазақ жігіттері Амилай мен оның күйеуін ұстап алып халықтан кешірім сұратты.
«Мен, Әліби, 2001 жылы туғанмын. Ұлтым — дұңған. Барша қазақстандықтардан осы қылығым үшін кешірім сұраймын», — деді ол.
Амилай да қазақ халқының ұлттық құндылығын қорлағаны үшін кешірім сұрады.