Домой Жаңалықтар Қазақстан тарихта алғаш рет FIFA-дан әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан тарихта алғаш рет FIFA-дан әлем чемпионатына жолдама алды

0
26
Фото soccanews.com сайтынан алынды

Қазақстан тарихта тұңғыш рет Fifa Nations Series 2022 әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды «Спорт Шредингера» Telegram-арнасы.

Арна мәліметінше, құрамында Ақназар Бексейітов (Қарағанды) пен Олжас Есентаев (Жезқазған) бар ұлттық құрама FIFA-ның ең жақын сервері БАӘ-де орналасқандықтан, Дубайға барып іріктеу додасыннан өтіп қайтқан.

Онда қазақстандықтар екі іріктеу кезеңінен өтіп, 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған үздік үш команданың қатарына енді.

Іріктеуде құрама құрамында 2018 жылғы әлем чемпионы және FIFA нұсқасы бойынша жылдың екі дүркін жеңімпаз ойыншысы ойнайтын Сауд Арабиясының командасын жеңді.

Финалдық кезең даниялық Копенгагенде 27-30 шілде аралығында өтеді. Онда 24 команда ойнайды. 2022 жылғы әлем чемпионатының жүлде қоры 400 мың доллар.

Fifa Nations Series 2022-EA SPORTS 2v2 форматындағы FIFA 22 футбол тренажері бойынша халықаралық спорттық турнир. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен Футбол Қауымдастықтарының құрама командалары қатысады. Fifa Nations Series FIFA халықаралық футбол федерациясының ресми турнирі. 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.