Атырауда жұмыспен қамту бөлімінің басшысы ұсталды

0

Пара алды деген күдікпен Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Ақ Жайық сайты.

Басылымның жазбасына сүйенсек, шенеунік 25 наурызда таңертең жұмыс орнында ұсталған.

Ол жалданған әрбір шетелдік үшін жұмыс берушілерден 500 мың теңге алды деп күдіктелуде.

Серік Қамидолла бұл қызметке 2019 жылдың ақпанында тағайындалған.