«Бар болғаны тыныштықты қаладым». Жас жігіт туған әке-шешесін қылқындырып өлтірді

0
501

Италияда бодибилдер Бенно Ноймар өзінен итпен бірге серуендеп келуді өтінген әке-шешесін тұншықтырып тастады.

Newsru.com мәліметінше, оның ата-анасы Питер Ноймар мен Лаура Перселли жыл басында із-түссіз ғайып болған. Араға бірнеше апта салып оның анасының денесі өзеннен табылды. Сондай-ақ, көпірден әкесінің қаны табылды.

29 қаңтар күні полиция Бенно Ноймарды қамауға алды. Бастапқыда ол қылмысын жасырмақ болды, алайда кейін бар кінәсін мойындады.

Әке-шешесі одан итті серуендетіп келуді өтінген. Бірақ ол бас тартып, видео ойындар ойнауға кетеді. Кейін жатып ұйықтап қалады. Осы кезде әкесі оны оятып алып, ұрысты жалғастырады. Осы ұрыс екі адамның өлімімен аяқталды.

«Мен бар болғаны тыныштықты қаладым. Сол себепті ауыздарын осылай жаптым», — дейді Бенно Ноймар.