Атырауда жол салу жұмыстары жалғасады

0
171

2018 жылғы 28 желтоқсан 21:44 347

Атырауда жол салу жұмыстары жалғасады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – 2019 жылы Атырауда жол құрылысы жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы қала маңындағы Жұлдыз-1, 2, 3, Көк-Арна, Дамба, Дамба-2, Бірлік, Бірлік-2, Талғайран, Мұнайшы, Ақжар-2, Ақсай-2, Водников-2, Томарлы-2, Тасқала-3, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Геолог және Атырау-1 елді мекендерінде, Геолог және Атырау-1 тұрғын сілемдеріндегі 268 көшенің 200,9 шақырым күре жолына асфальт төселді. Келесі жылы бұл көшелерді асфальттау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жалпы ұзақтығы 99,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Қаладағы 11 бас көшеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл Мәденов, С.Датұлы, Құрманғазы, Бейбарыс, Р.Ғабдиев, Азаттық, Амандосов, Ғұмаров, Әуезов, Уәлиханов және Гагарин көшелері», – деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Шәкір Кейкин.

Сонымен бірге, қала маңындағы ауылдық елді мекендер әкімдерінің өтініштерін есепке ала отырып, қалада және ауылдық округтерде жалпы ұзақтығы 71,2 шақырымды құрайтын 141 көшеде жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

А.Соколов

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz