Атырауда теріс ағымды ұстанушы қылмыстық топтың жолы кесілді — Қазақстан жаңалықтары
Атырау облысында теріс діни ағымын ұстанған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті», — делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды «өндіруге» және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар екні анықталыпты.
Топтың 5 белсенді мүшесі ұсталған: олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясына беріліп, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыста болған.
«Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен оларға оқ-дәрілер табылып, алынды. Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды», — деп қосты комитет өкілдері.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
stan.kz