Бір күнде сыйлығы бар үш флагман — Қазақстан жаңалықтары

0

5 маусымда ірі өндірушілердің екі сериясының үш үздік смартфоны сатылымға шығады. Қазақстандық дүкендердің сөрелеріне OPPO-ның жаңа өнімдері келеді. Олардың біздің тұтынушыларды несімен қызықтыратыны жайлы сөз қозғаймыз. Сонымен қатар, смартфонмен бірге әр сатып алушы керемет сыйлыққа ие болатыны жайлы да айтамыз.

оппо

Осы көктем нарыққа көптеген өзгерістер әкелгені анық. Ақылды электроника нарығында да өзгерістер болды. Бұрынғы көшбасшылар, мүмкін, шамадан тыс абыройынан немесе өз-өзіне сенімділігінен баяғыдай тұтынушылар «инерциямен» сатып алады деген болжамдарына байланысты өз позициясын жоғалтуы мүмкін. Мысалы, қазақстандық смартфондар нарығын алайық. Талдаушылардан нақты мәліметтерді күту керек, бірақ алғашқы бестікте өзгерістер болатыны айқын. Мысалы, OPPO өз позициясын жақсартады деп күтілуде. Бұл компания әлемдік нарықта жақсы дамыған. Бұл бренд Азия мен Тынық мұхиты аймағында танымал, ал Үндістанда, мысалы, Realme суб-бренді сатылымда көш бастап келеді. Өткен жылы көбінесе дәл осы бренд ресейліктердің талғамынан шықты. Ал, енді, өзіміздің нарығымызға оралайық.

2020 жылдың 5 маусымында OPPO Reno 3, Reno 3 Pro және нарықтағы ең үздік флагманы — Find X2 сатылымы басталады. Әдеттегідей, біз OPPO камераларының сәнді дизайнын, қуаттылығы мен таңғажайып мүмкіндіктерін бағалай аламыз. Бұл брендтің смартфондары әрқашан керемет сыртқы келбетімен ерекшеленді. Мысалы, OPPO градиент сәнінің негізін қалаушы болды. Камералар сөз қозғауды талап етпейді: компания «Cameraphone» тұжырымдамасын баяғыда қабылдаған, OPPO камералары әлі де керемет және үнемі жетілдіріліп отырады.

оппо

Осы модельдердің біреуін сатып алған кез келген адам OPPO Enco W31 сымсыз құлаққабын сыйлыққа алады. Онымен қоса, назар аударатын бір жәйт: жақында Enco W31 беделді A’Design Award & Competition премиясының Platinum Design Award марапатын алды. Мүмкін бұл жерде «стильдегі қос артықшылық» сөзі өте орынды болар.

оппо

Reno 3 сериясы өзін hi-end ретінде көрсетеді. Егер Find флагмандары компанияның ең жаңа, дамыған және мәртебелі смартфондары болса, ал Reno алдыңғы қатарда тұрған және үздік дәлелденген технологияларды ұсынады. Бұл ойы ұшқыр, технология туралы көп білетін және оларды шығармашылық үшін пайдаланғысы келетін жастарға арналған смартфондар.

оппо

Серия 2 модельден тұрады: Reno3 Pro және Reno3. Айырмашылықтары айтарлықтай көп емес, дегенмен ерекшеліктері бар: негізгі камераның максималды ажыратымдылығы, сыртқы пішінінің бірнеше миллиметрі және 5 грамм салмағы, Pro-ның екі есе көп жады. Дизайндары бірдей дерлік. Құрылғылардың экраны 20:9, ал корпусы өте жұқа — 7,9 және 8,1 мм. Смартфондарды қолға ұстауға өте ыңғайлы. Серияда Ultra Steady режимі жаңарды. Не түсіріп жатсаңыз да – мейлі шаңғы тебу болсын, балаңызбен ойнап немесе билеп жүрген сәтіңіз болсын – маңызды емес, бәрібір де кадр артық дірілсіз шығады, алайда ақылды алгоритмдер кейбір ауытқуларды сақтайды, бұл түсірілімнің шынайылығын қамтамасыз етеді. Гибридті зум, УльтраТүнгі режим және OPPO смартфондарында суретке түсірудің басқа да керемет мүмкіндіктері — мұның бәрі, әрине, бар және одан да жақсы жұмыс істейді.

Find X2 – қазіргі кездің флагманы. Компания өндірушілерінің нағыз мақтанышы. Экранды міндетті түрде атап өтуіміз керек – нарықтағы ең үздік екені сөзсіз. Оның 10 биттік, миллиардтан астам түстері және 120Гц жылдамдығы бар. Find X2 дисплейі біздің көзіміз көретіндей шынайы түстерді көрсетеді. Ойындардағы, бейнелердегі және интерфейстердегі қозғалыстар максималды кідіріссіз болуымен ерекшеленеді. Сарапшылардың айтуынша, мұны сипаттау және тіпті бейнеролик арқылы көрсету де қиын – ол үшін бұл смартфонды өз қолыңызға алуыңыз керек, және кейін сіз экраны басқа типті құрылғыларды қолданғыңыз келмей қалады.

оппо

Флагманның камерасы. Негізгі блокта үш камера бар, ол сапаны жоғалтпай 5 еселі гибридті және 20 еселі сандық зум алуға мүмкіндік береді. Негізгі камераның ажыратымдылығы — 48 Мпкс, телефото модулі үшін 13 Мпкс және кең бұрышты камера үшін 12 Мпкс. Find X2 көмегімен UltraDark режимін қолдана отырып, тіпті тас-қараңғыда да керемет сапалы суреттер түсіруге болады. Алдыңғы камерасындағыдай, негізгі камерада да видео түсіру кезінде боке әсері бар. Онымен қоса, ColorOS 7 жүйесінің керемет оңтайландыруымен, тек жоғарғы деңгейдегі компоненттермен және SuperVOOC 2.0 жылдам қуаттандыруымен қамтамасыз етілген. Іскер адамдар үшін мүмкіндігінше тез қуаттандыру өте маңызды. Әйтсе де, бұл функцияны әдетте барлық қолданушылар ұнатады.

Reno 3, Reno 3 Pro және Find X2 туралы қосымша ақпаратты oppo.com сайтында немесе @oppokz Instagram аккаунтынан оқи аласыз.

Жаңа өнімнің құны.

Find X2: 499990 тг. + Enco W31 құлаққаптарын сыйлыққа аласыз.

Reno3 Pro: 399990 тг. + Enco W31 құлаққаптарын сыйлыққа аласыз.

Reno3: 249990 тг. + Enco W31 құлаққаптарын сыйлыққа аласыз.

Жаңа өнімді сатып алуға болатын дүкендердің тізімін oppo.com/kz сайтынан алуға болады.



stan.kz